Медициналық көмек көрсетуге үміткер медициналық ұйымдардың базасын жаңарту сатып алу науқаны басталғанға дейін жүргізіледі. Жыл сайын 1 қазаннан 31 қазанға дейін Қордың базасына жеткізуші ретінде енген денсаулық сақтау субъектілері веб-портал арқылы базадағы ақпараттарды жаңарту үшін өтінім береді.

Биыл Қор мамандары алғаш рет медициналық ұйымдардың деректер базасын жаңарту аясында медициналық ұйымдарды тексеруге кірісті. Алғашқы кезеңде облыс орталықтарында орналасқан медициналық нысандар тексеріледі.

Қор сарапшылары жұмыс барысында медициналық қызмет жеткізушілерінің өндірістік базаларын тексереді, олардың ішінде:

- медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар;
- халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету саласындағы рұқсат құжаттары;
- ионды сәулелену шығаратын құралдар мен құрылғылармен жұмыс істеуге лицензиялар (қажет болған жағдайда);
- есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды айналымға енгізу саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар (қажет болған жағдайда);
- медициналық қызмет түрлері бойынша лицензияға қосымшалар, сондай-ақ қажетті инфрақұрылымның (қарау кабинеті, екпе кабинеті және т.б.) болуы;
- қызмет көрсету үшін қажетті жабдықтардың болуы, стационардағы төсектердің санының денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қорытындысына сәйкестігі;
- дәріханалар мен есірткі заттарын сақтау бөлмелері нормативтік құқықтық акт талаптарына сәйкес болуы.

Медициналық көмек көрсету түрлері немесе шарттары бойынша базалық деректерді қосу немесе жаңарту үшін өтініш берген медициналық ұйымдарды тексеру нәтижесінде Қор деректерді жаңартады, ал сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, жеткізушіге бұзушылықтарды көрсететін қорытынды жібереді.

Медициналық ұйымдар өз кезегінде бұзушылықтарды жоюға құқылы және деректер базасын жаңарту үшін өтінішті қайтадан береді. Анықталған бұзушылықтар бойынша материалдар медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік органға әкімшілік шаралар қабылдау үшін жіберіледі.
15.10.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу